Жаңалықтар

Қала аумағында «Нөлдік жарақат – Vision Zero» Тұжырымдамасын іске асыру туралы

2019 жылы 17 маусымда Женева қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы арасында «Vision Zero» нөлдік жарақат тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Бұл Меморандум озық тәжірибе және өндірістік жарақаттануды айтарлықтай төмендетуге, жазатайым оқиғалар мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын қысқартуға мүмкіндік беретін алдын алу шараларын іске асыру мәселелері бойынша тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Тұжырымдама жарақат деңгейінің нөлдік, ал еңбек жағдайларының қауіпсіз болуына негізделетін жеті келесі «алтын ережені» қарастырады:

1) көшбасшы болу – қағидаттарға адалдықты көрсету;

2) қауіптерді анықтау – тәуекелдерді бақылау;

3) мақсаттарды анықтау – бағдарламаларды әзірлеу;

4) еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы жүйесін құру – ұйымның жоғары деңгейіне қол жеткізу;

5) жұмыс орындарында, станоктармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен гигиенаны қамтамасыз ету;

6) біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту;

7) кадрларға инвестициялау – қатысу арқылы дәлелдеу.

Бүгінгі таңда «Vizion Zero» тұжырымдамасына қала бойынша 128 кәсіпорын қосылған болса, 2022 жыл басынан бері 70 кәсіпорын қосылып, тұжырымдаманың пайдасын көруде.

Алдағы уақыттарда бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

ШЫМКЕНТ: « ЖАС ДӘУРЕН» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 1000 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫН ОРНАТУ ЖОСПАРЛАНУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *