Жаңалықтар

ХАЛЫҚ ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Қаратау ауданының билерімен кездесіп, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысын қадағалады.

Жиынға қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері және басқарма басшылары қатысты. Әкімнің Қаратау аудан тұрғындарымен болған кездесулерінде жалпы 124 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде оның 39 орындалып, 85 тапсырма орындалу барысында.

Қала басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сәйкес, қалада «Адамдар әкімге» форматынан «әкім халыққа» қағидатына көшу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келетінін айтып, әрбір тұрғынның ұсынысы маңызды екенін және өтініштердің орындалуы басты назарда болатынын атап өтті.

Орындалған тапсырмалардың бірқатарын атап өтсек.

✅«Бозарық» тұрғын алабындағы орталық көшелерге ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салатын жол белгілері орнатылып, жол потрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік етуде.

✅«Қайтпас-1» шағын ауданына аялдама павильондарын орнату бойынша зерделеу жүргізіліп, орындары белгіленді. Көшеров көшесі бойынша 3 аялдама павильондары орнатылды. Сонымен қатар, Жамауов көшесіндегі 1 аялдама павильонының шатыры жөнделді.

✅Тұрғындардың ұсынысына сәйкес №139 маршруты Сареми көшесіндегі Мешіт аялдамасынан Тесік көпір аялдамасына дейін 7,5 шақырымға дейін ұзартылды. Ал Орманшы тұрғын алабы арқылы қоғамдық көлік кіргізуге техникалық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты (жол тар) мүмкіншілік жоқ екені тұрғындарға түсіндірілді.

✅«Сайрам» тұрғын алабы Ташкент көшесі бойындағы 26 абонентке 2022 жылдың 12 сәуірі күні «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан 300 м жерде орналасқан Д-160мм су құбырынан Д-32 су құбырымен тартылып, 26 отбасыға ауыз су қосып берілді.

✅Тұран ш.а №79 мектепке баратын 5 топырақ көшеге (3 км) мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарпынан шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді

Жиын соңында қала әкімі қалған тапсырмалардың орындалуын қадағалауды тапсырып, азаматтардың елдімекенді дамыту бойынша ұсыныстарын әрдайым тыңдауға дайын екенін жеткізді.

Тұрғындар тапсырмалардың орындала бастағанын айтып, алғыстарын білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕККЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ АРНАЙЫ КОМИССИЯ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ  

Алдыңғы

ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЕВ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *