Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Өнербаев баспасөз мәжілісінде айтты.
«Осы жылдың 3 айында МӘС қызметін 3800 азамат алды. Оның ішінде алғашқы рет куәландырылғаны -785 адам. Оның 751-не мүгедектік тағайындалды (68-і брінші топ, 297-сі екінші топ, 203-і үшінші топ). Ал 7 жасқа дейінгі 183 бала мүгедек санатымен танылды. Сонымен қатар мүгедек деп танылған 498 ересектің 440-ы еңбекке жарамды жаста болса, 58-і зейнеткерлік жастағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, — деді Бахтияр Әлтайұлы.
Спикердің сөзінше, 2022 жылдың 3 айы бойынша МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде арыз бойынша 101 (45) адам куәландырылып шешімдері өзгеріссіз қалдырылған. Бақылау бойынша – 13 (25) адам қайта куәландырудан өтіп 5-нің шешімдері өзгертілген.
МӘС жүргізу кезінде мынадай мүгедектік себептері және (немесе) ЖЕА (жалпы еңбек ету қабилетінен айырылу) дәрежелері айқындалады:
• жалпы ауру;
• еңбек жарақаты;
• кәсіптік ауру;
• бала кезінен мүгедек;
• жеті жасқа дейінгі мүгедек балалар;
• жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
• тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себептік-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда;
• тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектер.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Comments