ЖаңалықтарТарих

19-СӘУІР — РЕСМИ ҚАЗАҚ АТАЛҒАН КҮН

19 сәуір Қазақтың «қазақ» деген тарихи атауын қайтарып алған күні екенін жастардың білгені дұрыс. Бұл тарихи акт 1925 жылы 16-19 сәуірде Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында өткен Қырғыз (Қазақ) АКСР кеңестерінің V съезінде қабылданған.

Ресей патшалық үкіметінің барлық жазбаларында, құжаттарында қырғыз-кайсак  деп  жазылып  келген. Патшалық Ресей тұрмақ Совет өкіметінің алғашқы кезеңінде де осылай болды. 1920 жылы 16 маусымда РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы деп аталды.  «Халқым», «ұлтым» деген сол кездегі арда азаматтар, Міржақып Дулатов бастаған алашшыл азаматтар бас көтерді. Наразылық білдірді. Мұны сол кезде халық комиссарлар советінің төрағасы болып тұрған Сәкен Сейфуллин қолдады. Сол Сәкен 1923 жылы 15 ақпанда «Еңбекшіл қазақ» газетіне «Қазақты «қазақ» дейік, қатені түзетейік» деген мақала жазады. Алаш ұлдарының наразылығы ескерілді ме, 1925 жылы сәуірде Ақмешіт (Қызылорда) шаһарында өткен советтердің 5 съезінде бұл қателік түзелді. Яғни 19 сәуір күні «қырғыз» деген атау алынып тасталып, «қазақ» деп түзетілді. Екі жүз жыл «қырғыз» деп аталып келген қазақ осылайша киелі атын қайтарып алды. Бұл Алаш ұлдарының жеңісі еді. 19 сәуір қазақтың өз атымен Қазақ деп аталған күні.  Өткеніміз бен тарихымызды біле жүрейік.

ӘЛІМХАН СЫЗДЫҚОВ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Алдыңғы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *