Жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БОЙЫНША 79 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Шымкент қаласында өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несие сомасы 74,5 млрд. теңгені құрайтын 79 жобаға қолдау көрсетілді.

«Еңбек» бағдарламасымен 74 шағын несие, 784 грант берілген. «Бизнес-бастау» жобасы бойынша 2 095 адам оқытудан өтті. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 674,5 млн.теңгеге 65 шағын несие берілді.

Бұл жылы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдауға 15,6 млрд. теңге қарастырылып отыр, бұл қаражат «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, банк несиелерін субсидиялау және кепілдендіру – 2 000 жоба; мемлекеттік гранттарды ұсыну – 1 190 жоба.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨНДІРГЕН ӨНІМ КӨЛЕМІ 103 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Алдыңғы

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *