Әл-Фараби ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көзі көрмейтін және әлсіз көретін ерекше жандарға тұрғын үйге қатысты мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстарын Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы мен «Отбасы банк» АҚ-ның мамандары өткізді. Онда тұрғын үйге қатысты «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Нұрлы жер» бағдарламалары туралы ақпараттар беріліп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты жеңілдіктер жайында толыққанды айтып өтті. Сонымен қатар ерекше жандар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.
Comments