Еліміздегі ауқымды полигондардың бірінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы механикаландырылған бригаданың танк батальоны штаттық снарядтан бақылау оқ атуларын орындады.
Экипаждар Т-72Б танкінің 125-мм зеңбірегінен шартты қарсыластың бронды техникаларына не пайда болған және қозғалатын нысанаға штаттық снарядтан оқ атты. Жаттығу шарты бойынша танкистерге үш штаттық артиллериялық оқ, сондай-ақ ПКТ пулеметіне 35 оқ беріледі. Атыс дайындығы бойынша сабақтарға 15 экипаж тартылды.
Сабақ барысында әскери қызметшілердің теориялық білімі мен практикалық дағдылары тексерілді. Сондай-ақ танк экипаждары оқ-дәрілерді тиеу, жауынгерлік машиналарды жорық жағдайынан жауынгерлік жағдайға ауыстыру, нысандарды барлау, «ПКТ» және «НСВТ» штаттық пулеметтерін бөлшектеу мен жинау, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нормативтерді орындады.
Атыс дайындығы механикаландырылған бригада танк батальонының командирі майор Руслан Қожағалиевтің басшылығымен өткізілді. Ол сабақ барысында Т-72Б танктері экипаждарының іс-қимылдарының үйлесімділігіне және кәсіби дағдыларына ерекше назар аударылғанын айтты.
— Танкистер бақылау ату жаттығуларын сенімді түрді орындап, жақсы баға алды. Ал атыс дайындығы бойынша сабақтар танк бөлімшесімен ұрыс жүргізудің барлық негізгі мәселелерін қамтитындай етіп жоспарланған, — деді батальон командирі.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Comments