ДенсаулықЖаңалықтар

БЕТПЕРДЕ РЕЖИМІ АЛЫНДЫ

Шымкентте бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова мәлімдеді.«Мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 ж.  28 наурыздағы №9 қаулысына сәйкес қаладағы шектеу шаралары жеңілдетілді.

Үй-жайларда бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды. Алайда медициналық ұйымдарға, қылмыстық-түзеу мекемелеріне барғанда және үй карантині жағдайында бетпердені кию міндетті» -деді спикер.

Спикердің сөзінше, осы жылдың 5-ші ақпаннан бастап қала «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте 2 жағдай тіркелген (симптоммен – 1 (50,0%), симптомсыз – 1 (50,0%). Қарым-қатынаста болған 2 адам медициналық бақылауға алынған.  Айта кетейік, оқушылар мен студенттер арасында КВИ 30%-дан жоғары тіркелмеген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

АВТО-НҰР БАЗАРЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ✅

Алдыңғы

КҮН ТӘРТІБІНДЕ БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *