Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағын ауданы «275 орам»да мыңнан астам адам тұрады.
💡 мемлекеттік сапалы электр жүйесімен қамту мақсатында былтыр құрылыс жұмыстары басталған. Жалпы жұмыстың 70 пайызы атқарылды. Осы жылдың соңына дейін толық электр жарығымен қамтылады.
🚰 ауыз сумен толық қамтылған.
🔥 табиғи газбен қамту үшін биыл құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін аяқталады.
🌐 сапалы интернетпен қамту мақсатында қазіргі таңда оптика желісі жүргізілуде. Жаз мезгіліне дейін аяқталады.
🛣️ жол – Биыл 4 көшеге («Ақмылтық», «Қаржантау», «Үшағаш», «Баянауыл») асфальт төсеу қолға алынады.
2023 жылы – «Қырыққыз», «Ақорда» көшелеріне асфальт төсеу жоспарлануда.
🚌 16 қоғамдық көліктері қызмет етеді.
🎇 2023 жылға «Шалқар» көшесін жарықтандыруға ұсыныс берілмек.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments