Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы «Арғымақ» шағынауданында 200-ден астам халық қоныстанған. Елді мекенде инфрақұрылыммен қамту жұмыстары атқарылуда.
💡Электр жарығымен толық қамтылған.
🚰Ауыз сумен қамту үшін «Реголит» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су қосу жұмыстары басталды.
🔥Табиғи газбен қамтуда «Энергоресурс» ЖШС құрылыс жұмыстарын атқаруда. Табиғи газ жүйелері құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
🛣️Елді мекенде 6 көше асфальтталған, 2-і топырақ жол.
Шағал тас төсеу жұмыстарына қаржы қаралған. Мердігер анықталған соң тас төсеу жұмыстары басталады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments