ЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Елордада дзюдодан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтуде. 21-25 наурыз аралығына жоспарланған ел чемпионатында 700-ден астам спортшы бақ сынауда.

Сайыста шымкенттік жас дзюдошылар жүлделі орындардан көрінді. Жасөспірім ұлдар арасында Талғат Орынбасар (60 келі), Нұрдаулет Төлен (66 келі) алтын, Арман Билалханов (81 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Жасөспірім қыздар арасындағы бәсекеде Сабина Юлдашбекова (40 келі), Маржан Даушова (44 келі) жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жасанды интеллект және NIS пен Наурыз дәстүрлері

Алдыңғы

Түркістанда «Бабадан қалған бар мұра» көшпелі көрмесі ашылды.  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *