ҚоғамСаясат

БЕРЕКЕ-БІРЛІГІМІЗДІ САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Қазақта «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Бәрімізге мәлім, былтыр 2021 жылы егемендігіміздің ауыз толтырып айта алатын бір белесіне жеттік оғанда тәуба. Тарихи өлшеммен алып қарасақ 30 жыл деген аса көп уақытта емес. Еліміз елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ел басқарған кезеңде де көптеген табыстарға қол жеткізді. Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Бұған дәлел кешегі қанды қаңтар дүрбелеңі бүкіл қоғамды дүр сілкіндіре отыра көзімізді анық жеткізді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Елдің тұтастығымен егемендігіне қауіп төніп, жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, татулық пен тұрақтылықтың қаншалықты біздің қарапйым өміріміз үшін маңызды екенін түсінді десек болады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының табандылығымен елдегі мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді Аллаға шүкір қорғап қалдық. Енді елдің тыныштығын бұзып, жақындарымздың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеткерге ешқашан жол бермеуіміз керек. Дамушы елде кезең сайын жаңғыру болмаса, елді орнықтыру, дамыту,әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес екені анық нәрсе. Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған қадам десекте болады. Қасым –Жомар Кемелұлы осыған дейін саяси реформалардың төрт топтамасын ұсынды. Солардың аясында қоғамды демократияландыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асқаныда рас. Ашығын айтсақ кешегі мемлекет басшысының жолдауы мән-маңызы жағынан айрықша, арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейтін ауқымы кең, мазмұны да бұрынғыларынан өзгеше болды деп санаймын.

Біріншіден: Қоғамды дәйекті түрде демократияландыруға септігін тигізіп саяси трансформация бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жойып, адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруды көздейді.

Екінішден: Мемлекеті орнықты әрі басқаруға икемді болуын қамтамасыз етеді. Бұл ел ішінде болып жатқан іргелі қоғамдық өзгерістер мен шиеленісе түскен геосаяси тартыс кезінде айрықша маңызды болмақ.

Үшіншіден: Елде саяси реформа жасап жатырмыз деген жалған атақпен, дақпырыт үшін ғана реформа жасаудың ешкімге қажеті жоқ. Президент бірнеше рет айтқандай «Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз, тек қағаз бетінде ғана жүзеге асырылатын, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек дегендей құлаққа жағымды, бірақ орындалуы жағына екіталай, күмәнді көрсеткіштерге алданбауымыз керек егер болашаққа нық әрі сеніммен аяқ басамыз десек. Кез келген мәселені ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын қарастырып,экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жойып оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату маңызды. Себебі нағыз бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсаратыны анық.

Сөз соңын мемлекет басшысы айтқан «Шын мәнінде, біз үшін еліміздің егемендігі және, жеріміздің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ, бабалар аманатына адал болып, оны келер ұрпаққа табыстау үшін Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолына бір кісідей ат салысайық» деп аяқтағым келеді.

Қобланды Абенов,

Атамекен ҰКП Алматы облысы, Қаратал ауданы филиалының мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесшісі.

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ФЕСТИВАЛІНДЕ ҰЗЫНДЫҒЫ 30 МЕТРЛІК ҚАЗЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Алдыңғы

ҰЛАҒАТТЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *