ЖаңалықтарҚоғам

АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС ПЕН АССАМБЛЕЯНЫҢ ӘРІПТЕСТІГІ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы әрдайым бірге жұмыс істеп келеді. Бұл туралы бүгін қалалық азаматтық ресурс орталығында өткен жиында айтылды.

Басқосуға Шымкент қалалық Азаматтық Альянстың төрағасы Жұмағали Білісбеков, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамындағы этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Жұмағали Дәулетбекұлының айтуынша, Азаматтық Альянс пен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында 2019 жылы өзара әріптестік туралы меморандум түзілген. Содан бері екі қоғамдық ұйым арасындағы қарым-қатынас тұрақты орнаған.

Жиында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысты соңғы жаңалықтар мен өзгерістер талқыланды.

Нурлан Бектаев, Серік Қосаев

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МОТОПОМПАЛАРДЫҢ САНЫ 3 ЕСЕ КӨБЕЙДІ

Алдыңғы

ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ШЫМКЕНТКЕ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *