АймақДенсаулықЖаңалықтар

ШОШҚА ОБАСЫ АУРУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Әлем елдері арасында көптеп кезедетін жұқпалы аурудың бірі – африкалық шошқа обасы. Африкалық шошқа обасы – лимфоидтық ағзалардың өлуі және әртүрлі ағзалардың қанталауы арқылы ерекшеленеді.

Аурудың қоздырушысы — (лат. African inefeverirus) құрамында ДНҚ бар Iridoviridae тұқымдастығына жататын вирус. Сыртқы ортада аса төзімді, шошқа қорасында — 3 ай, топырақта — 4 ай, өлекседе — 2,5 ай сақталады, бұлшық етте, сүрленген шошқа етінде — 6 айға дейін сақталады. Індеттің ерекшеліктері — Африкалық обамен тек қана шошқа ауырады. Әсіресе, үй шошқасында көп кездеседі. Ал, африкалық жабайы шошқалар біршама төзімді келеді де, ауру оларда жасырын симптомсыз өтіп, денесіндегі вирусты тек қана үй шошқасына биосынама қойып анықтауға болады.

Вирус денеге негізінен алиментарлық жолмен, ауамен, зақымданған тері арқылы және денесінде вирус бар кене шаққанда жұғады. Ең қауіпті берілу факторына ауырған шошқаны сойғанда алынған өнімдер, тағам қалдықтары жатады. Адам және бұл ауруға бейім емес жануарлар, құстар, кемірушілер және жәндіктер вирустың механикалық тасымалдаушылары болуы мүмкін.

Күресу шаралары:

— африкалық обасымен ауырған шошқалардан бөлек оқшаулау тиіс;

— ауру шошқаларды емдеуге тыйым салынады;

— ауырған жануарлардың терісімен бірге ауру да жойылу қажет.

Құрметті қала тұрғындары мен шаруа қожалық иелері!

Өзіңізбен қатар айналаңыздың қауіпсіздігі үшін, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрінде ауру белгілері байқалған жағдайда дер кезінде жергілікті ветеринар мамандарға хабарлауларыңызды және жауаптылықпен қарауларыңызды сұранамыз. Шымкент қаласы бойынша эпизоотиялық жұмыстармен «Ветеринариялық қызмет» МКК айналысады.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/14 үй

Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22.

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЗАБАДАМ ЖӘНЕ ХИМФАРМ ШАҒЫН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

ҚАЛА ӘКІМІ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *