Абай ауданына қарасты Ақтас шағын ауданы 437,1 гектер аумаққа орналасқан. Қазір онда 2 578 отбасы мекендейді.
🏢Елді мекенде жайлы ортаны қалыптастыру және инженерлік инфрақұрылыммен қамту бағыты қала әкімінің бақылауында.
🚰Шағын аудан ауыз сумен толық қамтылған.
💡100% мемлекеттік жүйедегі сапалы электр тартылған.
🔥Табиғи газбен қамту үшін бүгінде құрылыс жұмыстарын «Ремстрой» ЖШС жүргізуде. Пайдалануға беру мерізімі 2022 жылдың соңына жоспарланған.
🛣️18 көше бар. Оның 3-і асфальт, 10 тас жол, және 5-і топырақ жол. 2021 жылы 2,8 шақырымға шағал тас төселген. Биыл атауы жоқ №3 және 4 көше орташа жөндеуден өтеді.
⚽ 2021 жылы 1 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. 🚌Қазір №147 бағыттағы қоғамдық көлік қатынайды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments