Шымкентте 13 ақпан күні КВИ-дің 7 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 3, белгілері жоқ – 4). 6 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 1 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 718 орын бар, төсек орын толымдығы 13%-ды құрайды, 622 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 96 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –115 төсек орын бар, 16 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 9 адам вакцина алды.
(I компонент- 6, II компонент- 3). Егу науқаны басталғалы барлығы 597 660 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 583 913 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 48 679 адам, II компонентін 24 645 адам қабылдады. 119 225 адам ревакцинацияланды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments