Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирустың 23 жағдайы тіркелді. Оның ішінде белгілері бар 13, белгілері жоқ 10. Індет жұқтырған 8 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 15 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 28%-ды құрайды, 639 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 244 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 135 төсек орын бар, 38 науқас ем қабылдауда.
Сонымен бірге бір тәулік ішінде қалада 211 адам вакцина алды (I компонент- 114, II компонент- 97). Егу науқаны басталғалы барлығы 596 976 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 583 125 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 44 988 адам, II компонентін 19 346 адам қабылдады. Сондай-ақ, 106 358 адам ревакцинацияланды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments