Аудан аумағында қар күреу жұмыстары таңғы 6:00-ден басталды. Ең алдымен 293 аялдама мен 154,3 шақырымға жуық аяқ жолдардың қары тазаланып, инертті материалдар себілді.
Бұл жұмыстар мердігер мекемелер “ЛТД Тұрмыс” ЖШС, “Югдорсервис” ЖШС, “Байтерек ЛБ” ЖШС және “НұрТауСервис” ЖШС тарапынан жүргізілуде. Аталған жұмыстарды атқаруға 280 жұмысшы мен тиісті қар тазалайтын арнайы 60 техникалар тартылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments