Шымкент қаласында 6 ақпан күні КВИ-дің 19 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 7, белгілері жоқ – 12). 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек орын толымдығы 29%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 256 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 41 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 37 адам вакцина алды
(I компонент- 22, II компонент- 15). Егу науқаны басталғалы барлығы 596 780 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 583 021 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 44 144 адам, II компонентін 18 077 адам қабылдады. 103 847 адам ревакцинацияланды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments