Егу науқаны басталғалы барлығы 596 514 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 582 823 адам вакцинаның екі компонентін алды. Phizer вакцинасының I компонентін 42 703 адам, II компонент 16 972 адам қабылдады. Вакцинаның үшінші дозасымен 99464 адам ревакцинацияланды.Сонымен қатар,4 ақпанға күнге КВИ-56 тіркелді. Оның ішінде 19 адам инфекциялық стационарга жатқызылды, 37 адам уй бакылауына алынды. Қаладағы эпидемиялогиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Шымкент ковидтің таралуы бойынша “сары” аймақта.
Коронавирус инфекциясын жеңудің бірден-бір жолы – вакциналау. Қалада вакцина жеткілікті. Егу бекеттерінің де саны артып келеді. Қала тұрғындарын сақтық шараларына мән беруге, өз жақындарының саулығы үшін, тезірек екпе салдыруға шақырамыз.
Comments