АймақЖаңалықтарҚоғам

ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫЗЫЛЖАР ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кездесуі жалғасуда. Бүгін шаһар басшысы 4 мыңнан астам халқы бар Қызылжар тұрғын алабының тұрғындарымен жүздесіп, атқарылар жұмыстың барысын баяндады.

Қызылжарлықтар көшені асфальттау, тозығы жеткен электр жарығын ауыстыру, бадам өзені жағалауын қоршау, интернетпен қамту мәселесін айтты.

Әкім аталған елді мекенде қордаланып қалған бірқатар мәселені шешу жұмыстары қолға алынғанын атап өтті.

«Қызылжар тұрғын алабы өткен жылы сапалы ауыз сумен толығымен қамтылды. Табиғи газда бар. Биылғы жылы тозығы жеткен электр желілері мен бағаналар ауыстырылып, трнасформаторлар жаңартылатын болады. Өздеріңіз көріп отырғандай орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін құрылыс жұмысы жүргізілуде. Оның құрылысы мамыр айында аяқталады деп күтілуде»,-деді әкім. Көшелерді асфальттау жұмыстары 2023-2024 жылы жоспарда тұр деп сендірген қала басшысы өткен жылы 8 көшеге шағал тас төселгенін және биылғы жылы екі көше жарықтандырылатынын атап өтті.

Кездесу соңында Мұрат Әйтенов аудан әкімі мен салалық басқарма басшыларына жоғарыда айтылған жұмыстардың орындалуы бойынша апта сайын есеп беруді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

БИЫЛ 33 500 АЗАМАТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР IT БОЙЫНША ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖАСАУДЫ ҰСЫНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *