Шымкентте 2 ақпан күні КВИ-дің 75 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 43, белгілері жоқ – 32). 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 45 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 32%-ды құрайды, 600 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 283 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 135 төсек орын бар, 43 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 559 адам вакцина алды
(I компонент- 348, II компонент- 211). Егу науқаны басталғалы барлығы 596 234 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 582 558 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 41 402 адам, II компонентін 16 293 адам қабылдады. Сондай-ақ, 96 668 адам ревакцинацияланды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments