Шымкентте қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың төрағалығымен қала аумағын және қаладан шалғай орналасқан елді мекендердегі интернет сапасын жақсарту мәселесі бойынша мәжіліс өтті.
Мәжіліске Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мен энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы және «Қазақтелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «I-LinkNet.net, «СпецавтоматикаСервис» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Шымкент қаласы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» мен «Нұр-Астана Строй» ЖШС өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында цифрландыру басқармасы өңірді интернетпен қамту мақсатында өткен жылы 4 инвестор тартып, 11 елді-мекенге интернет желілерін тартқан болса, биыл жеке инвесторлар қаражаты есебінен 15 елді-мекенге талшықты оптика желісін жүргізу және интернет сапасы төмен 11 елді-мекенге базалық станция орнатуды көздеп отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Comments