АймақҚоғамСаясат

Сенім деген ұлы күш

Тоқаевтың сұхбатын түгел тыңдап шықтым.

1. Өз-өзіне деген сенімділігі қатты байқалып тұр. Саясаткер үшін маңызды қасиет.

2. Назарбаевпен арадағы әңгімесін сендіріп айтты. «Ешқандай сауда болған жоқ. Қауіпсіздік кеңесін қолыма аламын дедім. Алдым. Бұл да сенімді адамның сөзі.

3. Президенттік мерзіміне байланысты. Конституцияны өзгертпеуге уәде берді. Екінші мерзімінен артық сайлауға аяқ баспайтынын айтты. Менің ойымша сөзінде тұрады.

4. Алматының әкімі туралы. Халықтың пікірін қашан да бірінші орынға қоятынын тағы да ескертті. Демек, Алматылықтар алдағы уақытта жаңалық күтіңіздер.

5. Террористтер туралы. Әлі тергеу жүріп жатыр. Тергеудің алдына шығып бірдеңе айту дұрыс емес деді. Но, сырттан келген лаңкестердің бар екенін ашық айтты. Олар кімдер? Бұл сұрақтың жауабын толық білу үшін тергеудің қорытындысын күту керекпіз. Ең бастысы ресми ақпаратқа ғана сену керекпіз.

6. Ашық мемлекет қағидатын құруға деген ынтасы. Сұхбат барысында өзекті сұрақтар қойылды деп есептеймін.

7. Президенттің мемлекетті нығайтуға деген энергетикасы мықты. Енді халық болып қолдау маңызды деп ойлаймын.

Сенім деген ұлы күш. Сондықтан, күллі қазақтың сенімі сөнбесін. Өз басым Жаңа Қазақстанға сенемін. Бәрі зың болады.

Ербол МӘНДІБЕКОВ,

журналист.

ШЫМКЕНТТЕ 89 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ  

Алдыңғы

Жаны қазақ. Қазаққа бүйрегі бұрып тұрады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *