Бүгін Шымкент қалалық №9 емхананың мобильді бригадасы «Алаш» базарының сатушыларын ревакцинациядан өткізді.
— «Алаш» базары аумақтық жағынан Шымкент қалалық №9 емхана балансында. Бүгін ревакцинация үшін вакцинаның 40 дозасын жеткіздік. Мобильді бригадамен келіп, ревакцинация жасаудағы мақсатымыз — өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға көмектесу. Осылай екпені мерзімінде алып, вирустан сақтануға мүмкіндік жасап отырмыз,-деді №9 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Раушан Оразбаева.
Шымкент қаласы Абай аудандық Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы Нұрбол Тағаевтың айтуынша, аталмыш аумаққа қарасты 13 базар бар. Оның 3-еуі жабық, 10-ы ашық базар.
— Абай ауданының насихаттық топ мүшелері тұрғындарға ревакцинациялау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, тиісті емхана қызметкерлерінің көмегімен ондағы сатушыларға ревакцинация жасалып жүр. 2021 жылы 1012 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілген. Мобильді топта қоғам белсенділері, полиция қызметкерлері мен қоғамдық қауымдастық өкілдері бар,- деді Н.Тағаев.
«Шымкент келбеті» —Ақбөпе ЕРГЕШ.
Comments