АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ЭПИДЕМИЯҒА ҮШ СЦЕНАРИЙ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРУДЕ

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 745 науқас анықталды. Емделіп шыққандарының саны – 627. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

– Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 168 жағдайы тіркелді. Оның ішінде симптомды – 96, симптомсыз – 72 және пневмонияға шалдыққан 4 адам бар. Бүгінгі таңда 5 093 науқас емделуде, оның ішінде 348 адам – стационарда, 4 745 адам үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Ал вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 8812 адам анықталды, – дейді спикер.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, пандемияның ықтимал толқынына қатысты үш сценариймен дайындық жүруде. А (ағымдағы жағдай) – 863 төсек-орын; В –эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын саны 2 683-ке дейін артады. С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 3 513 төсек-орын ашылады. Қазіргі таңда Шымкентте 886 төсек-орын әзір. Толымдылығы 39 пайызды құрайды. Жалпы, үшінші мегаполис үш сценарийге де дайын, деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Нұрлан Бектаев

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 11 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Алдыңғы

ТҮРІК ЕЛІМЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР ДАМИ ТҮСПЕК

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *