АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғам

ҚЫЛМЫС ЖАСАДЫ ДЕГЕН КҮДІК БОЙЫНША ҰСТАЛҒАН АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ БАРЛЫҚ ШАРАЛАР САҚТАЛАДЫ- ІІМ  

Ішкі істер органдары тергеушілерінің қылмыстық істер бойынша барлық шешімдері заңнама талаптарымен қатаң сәйкестікте, атап айтқанда қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.

Күдіктіні ұстау, олардың іс-әрекеттерін саралау, сондай – ақ бұлтартпау шараларын таңдау сияқты барлық негізгі іс жүргізу шешімдері тек прокурормен келісіледі. Одан өзге, тінту, алу, сараптама үшін үлгілерді алу, бас шарасын санкциялау сияқты іс жүргізу әрекеттері тергеу соттарының қаулысы негізінде жүргізіледі.

Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған барлық адамдар дене жарақаттарының болуына медициналық куәландыру жүргізілгеннен кейін ғана, оларды алу мән-жайлары анықтала отырып, уақытша ұстау абақтысына қамалады, себебі кейбіреулері тәртіпсіздік орнынан тікелей медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұдан басқа, ұсталған күдіктілердің адвокаттарға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда мемлекет қаражаты есебінен тегін қорғаушылар қызметі ұсынылады.

ІІМ ЖӘНЕ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІН ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БИЛІКТІ АСЫРА ПАЙДАЛАНУ ФАКТІЛЕРІНІҢ ЖОЛЫН КЕСУДЕ

Алдыңғы

ІІМ: ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АРЫЗДАНҒАН ЗАЛАЛДЫҢ АЛДЫН АЛА ЖАЛПЫ СОМАСЫ 87 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *