АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 157 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ  

Шымкентте 25 қаңтар күні коронавирус инфекциясын жұқтырған 157 жағдай тіркелді. Оның 54-де клиникалық белгілері жоқ. Індет жұқтырған 23 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 134 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 878 орын бар, төсек орын толымдығы 43%-ды құрайды, 496 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 382 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 136 төсек орын бар, 49 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 372 адам вакцина алды. Бірінші компонентін 156 адам, екінші компонентін 216 адам алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 594 928 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 490 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 33 687 адам, II компонентін 14 306 адам қабылдады. Сондай-ақ, 76 411 адам ревакцинацияланды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ 24 КОЛЛЕДЖ ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒЫТТА БІЛІМ БЕРЕДІ  

Алдыңғы

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОПЕРАЦИЯ: ҰРЛАНҒАН ҚАРУДЫҢ 515 БІРЛІГІ ТАБЫЛЫП, ТӘРКІЛЕНДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *