Соңғы екі жылда Шымкентте денсаулық сақтау ұйымдарының материалды техникалық базасын нығайтуға 12,8 млрд. теңге қарастырылған. Техникалық база 78,4 пайызға жаңарды.
Сонымен бірге жеке инвестициялар есебінен медициналық орталықтарға 5 компьютерлі томограф орнатылды.
2020 жылы қалалық перзентхана, №2 қалалық аурухана, «Ана мен бала» орталығы, №1, №9 емханалар ғимараттарына күрделі жөндеуден өтті. 200 орындық қалалық инфекциялық орталық ашылды. Жедел жәрдем автокөлік паркі 100 пайызға жаңарып, диспетчерлік орталық ашылды. 2021 жылы 3 жекеменшік емхана және 1 оңалту орталығы ашылып, қызмет көрсетуде. Үш инсульт орталығы ашылды.
Comments