АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамСаясат

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Төтенше жағдай режимі енгізілгелі Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. 

Қала аумағында түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін «коменданттық сағат» жүзеге асырылуда, стратегиялық нысандарды күзету күшейтілген. Қаладағы қоғамдық саяси жағдай тұрақты бақылауда. Қалада жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 мың 568 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 442 құқық бұзушылық анықталды. Оның 298-і бойынша қамауға алу, 44 айыппұл және 100 ескерту шарасы қабылданды.       «Коменданттық сағатты» бұзғаны үшін 204 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 75-і қамауға алынды. Қала шекараларында орнатылған блокбекеттерде 15 мыңға жуық автокөлік тексеріліп, 9 адам ұсталды. Көліктерді қарау кезінде 2 газ тапаншасы тәркіленді. Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша 78 азамат қамауға алынды.             Қылмыскерлердің ұяшықтарын анықтау мақсатында экстремизм және көші-қон желісі бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, қаладағы жалдамалы пәтерлер пысықталуда. Оның нәтижесінде бір тұрғынның балконынан тротуар тастары табылып, ал басқа жалдамалы пәтерден Түркістан облысының 4 тұрғыны ұсталды. Олардан Шымкент қаласының «Метро» сауда орталығында тәртіпсіздік кезінде ұрланған азық-түлік тауарлары тәркіленді. Қазіргі уақытта қалалық полиция департаменті әскери бөлімдер және ТЖД күштерімен бірлесіп, төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде. Осы ретте, қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Құқық қорғау құрылымдарының жұмысына шұғыл түзету енгізу қажет»

Алдыңғы

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *