АймақБасты ақпаратҚоғамСаясат

Президент Қ.К. Тоқаев ҚР Парламент Мәжіліс отырысында бірқатар маңызды міндеттер белгіледі

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев Мәжіліс отырысы кезінде сөйлеген сөзінде ҰҚШҰ бітімгершілік миссиясының аяқталғанын жариялады. Екі күннен кейін Біріккен контингентті кезең-кезеңімен шығару басталады. Әскерді шығарудың жалпы процесі он күннен аспайды. Қазақстандағы бітімгершілік миссиясы, әрине, ұйым тарихында оң тәжірибе болып қала беретінін және оның өңірлік, сондай-ақ жаһандық ауқымдағы беделін арттыратынын атап өту қажет. ҰҚШҰ тиімсіздігі және Қазақстанның егемендігіне төнетін «түрлі қауіптер» туралы түрлі пікірлерге қарамастан, ұйым қысқа мерзім ішінде өз жұмысында үйлесімділікті, анықтықты, келісімділікті және елдің ішкі процестеріне тартылмайтындығын көрсетті.

*************************************

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Ел Президенті Қ.К. Тоқаев бірқатар маңызды міндеттер қойды. Осындай міндеттердің бірі инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын даярлау туралы мәселені белгілеу болды. Елімізде қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту жөнінде міндет қоя отырып, кадрлық әлеуетті де көздеу маңызды. Ел экономикасы үшін инженерлерді даярлаумен отандық оқу орындары да, Ресейдің және басқа елдердің жетекші білім беру орталығының филиалдары да айналысатын болады. Мұндай шараны іске асыру елдегі білім беру сапасының өсуін, жастардың отандық экономикада жұмысқа орналасу деңгейін арттыруды көздейді.

 

*************************************

 

2 күннен кейін ҰҚШҰ контингентін шығару процесі басталады

Алдыңғы

Президент Қ.К. Тоқаев утилизациялық алымның мөлшерлемесін қайта қарау және оны жинау бойынша тапсырма берді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *