Еліміздің үшінші мегаполисінде Бас шыршаның шамы жағылды. «Армандар жұлдыздай жарқырасын!» атауымен ұйымдастырылған мерекелік іс-шара Әкімшілік іскерлік орталықтағы «Астана» алаңында өтті.
Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 18 метр. Шырша 120 дана иллюминациялық ақшақармен, 360 дана ойыншықтармен, 424 дана гирляндамен безендіріліп, көше бойына 80 дана жарықдиодты шамдар орнатылды. Одан бөлек, алаңға қойылған 56 дана шағын сәулеттік мүсін мерекенің көркін ашты. Қаланың әр аймақтарында жетпіске жуық фотоалаңдар орнатылды. Оның ішінде шырша символдары, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар.
Мерекелік шара жас баланың арманын суреттеп, ертегі әлеміне алып баратын театрландырылған қойылыммен басталды. Әдемі атау алған шараның мазмұны «әр адамның өз сиқырлы жұлдызы бар — бұл оның дарыны мен таланты. Жанған жұлдыз өмірдегі кез-келген есікті ашады. Өзінің талантын аша отырып, әркім осы әлемге өзінің сиқырлы жұлдызын сыйлайды» дегенге
Шырша шамын жағу рәсімі сән-салтанатымен өтіп, балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Іс-шараға қатысушылар мен қала тұрғындары естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл-күйге бөленді
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments