Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді сапалы интернетпен қамту бағытында жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері 11 елдімекен сапалы интернетпен қамтамасыз етілді.
Соның бірі мыңнан астам тұрғыны бар «Шұғыла» шағынауданы сапалы интернетке қосылды. Қала әкімінің орынбасары М.Исахов елді мекен тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.
Қазіргі таңда «Шұғыла» елдімекені 100 % талшықты оптика желісімен қамтылған. «i-LinkNet» ЖШС тарапынан 1000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі арқылы 60 шақырым абоненттік кабель тартылып, 4000-ға жуық адамды сапалы интернетпен қамтуға мүмкіндік жасалды. Енді тұрғындар өтінім білдіріп, үйлеріне қостырулары қажет.
200 Мбит/сек жылдамдыққа дейінгі кеңжолақты интернет желісіне қостыру үшін I-Shymkent.kz немесе 87753952902 (WhatsApp ) нөмірі арқылы өтінім қалдыра алады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта, «i-LinkNet» компаниясы арқылы Самал-3 шағынауданын 100 % талшықты оптика желісімен қамту жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments