Шымкентте өткен тәулікте арнайы топ өкілдері 277 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізіп, 3 нысанда карантин талаптарының бұзылғанын анықтаған. Тәртіп бұзған нысандарға әкімшілік хаттамалары толтырылды. Соңғы тәулікте қалада адамнан 38 коронавирус анықталған. Қазір 25 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 13 адам үй бақылауына алынды. Қала әкімдігі тұрғындардан қоғамдық орындарда медициналық маска тағуды және карантин талабын орындауға шақырады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments