Шымкенттің білікті дәрігерлері 55 жастағы Нүрила Асқарбекқызын аман алып қалды. Науқастың өкпесінің 80 пайызы зақымдалғаны анықталған. Ол 9 қыркүйек күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы келіп түскен болатын. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызады. Науқас коронавирус инфекциясы мен тыныс жетіспеушілігінің салдарынан жасанды тыныс алу аппаратына қосылады. Оған қоса науқастың қандағы оттегі мөлшері шамалы көтерілгендігі байқалады. Ауруханада дәрігерлер оған хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсетеді. Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы. Дәрігерлер тыныс алу жиілігі жақсарған, өздігімен тыныс алуда дейді. Бүгінде денсаулығы жақсарған науқас отбасымен қауышты.
Түркістанда — «Тәуелсіздік және Түркістан тарихы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция
ШЫМКЕНТТЕ 542 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТҚА КОВИДКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛЫНҒАН
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
63 рет оқылды
Comments