АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слетін ұйымдастырды.

Аталған шараға «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, қалалық білім басқармасы өкілдері, «Adal urpaq» ерікті мектеп клубының Президенті Т.Байтас пен клубтардың мүшелері, жас өнерпаздар қатысты.

Салтанатты шараны Жобалық кеңсе басшысы Жани Қамбар ашып, білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған шараларға тоқталды. Одан бөлек, Оқушылар сарайының бөлім меңгерушісі Гүлжан Тулеметованың, «Adal urpaq» ерікті мектеп клубының Президенті Төлеби Байтастың атқарған жұмыстар бойынша баяндамалары тыңдалды.

Шара барысында ««Adal urpaq» ассоциациясының туы сахнаға шығарылып, «Адал ұрпақ» әні орындалып, жас өнерпаздардың өнері тамашаланды.

Сонымен қатар, оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта логикалық және ситуациялық ойындар ойнатылды.

Айта кетейік, қаладағы 186 мектептерде «Adal urpaq» ерікті мектеп клубтарының жұмысы ұйымдастырылып, жастардың бойында өнегелілік, әдептілік, бастамашылдық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар қолға алынған. Қазіргі таңда клуб құрамында 128 мыңнан астам мүшелері бар.

РУХАНИ НӘР БЕРЕТІН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

Алдыңғы

ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ  ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЕКАРАШЫНЫ НАГРАДТАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *