ЖАҢА ИДЕЯМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ – МЕКТЕПТІҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты қыркүйек айындағы халыққа жолдауы елге аян. Осы жолдау негізінде №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының директоры С.Ж. Сауранбаев мектеп қабырғасындағы өз ұжымдастарына жолдауды таныстырды. Ұстаздармен пікіралмасу барысында жолдаудың ІІІ бөліміндегі «Сапалы білім беру» тақырыбындағы жаңа мақсаттар жүйесіндегі мемлекет басшысының тапсырмасы кең ауқымда қарастырылды. Сонымен қатар, білім министрінің қолдауымен оқу-ағарту саласындағы Халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары мен олардың дайындаған педагог-тәлімгерлерге біржолғы ақшалай сыйақы берілетіндігі көңіл қуантарлық жағдай екендігін атап өтті. Әрине бұл – еткен еңбектің жемісі деп білеміз, деген ұстаздар қауымы өз разылықтарын білдіріп жатты.
Алдағы уақытта мектебіміздің ұжымынан тек жетістіктер күтеміз.
Comments