«Nur Otan» партиясының “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері Сүлейменов Қайрат, Аширбаев Байкен Аширбайұлы, Қуандық Сұлтанғали Нұрлыбайұлы, Керимбаева Наргиза Абайдуллақызы қала аумағындағы бірқатар нысандарды аралады.
Мониторинг барысында депутаттар «Нұрсәт» шағынауданының №80 орта мектебінің жапсыра салу және А.Байтұрсынов көшесіндегі №47 жалпы білім беретін мектепке қосымша корпустың құрылыс барысымен танысты.
Мекеме басшылары мен қызметкерлері бірқатар мәселелерді көтеріп, шешуіне ықпал етуді сұрап, халық қалалуларынан заң аясында тиісті жауаптарын алды. Көтерілген мәселелер тиісті мекемелерге жеткізіліп, арнайы бақылауға алынды.
Өзгерістерді өз өмірінен айқын сезінетін әрбір азамат игіліктер мен әлеуметтік жаңаруға үн қосып, қолдау көрсетуі де елдіктің белгісі.
Comments