Жаңалықтар

Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары тұрғындармен кездесті

Бүгін халық қалаулылары Еңбекші ауданына қарасты Тоғыс, Жұлдыз тұрғын алабтарының тұрғындармен кездесті.
Кездесуге «Nur Otan» партиясының Фракция мүшелері Сулейменов Қайрат Мұсаханұлы, Аширбаев Бәйкен Аширбайұлы, Қуандық Сұлтанғали Нұрлыбайұлы, Оспаналиева Рашкуль Жәлелқызы, Елшиева Альбина, Наимбекова Айжан Ізбасханқызы қатысты.
«Nur Otan» партиясының, Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асуы үшін дайындалған Жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасалынды.
Кездесу барысында тұрғындардың біршама ұсыныстары мен талап-тілектері тыңдалды. Атап айтқанда, тұрғындар Тоғыс тұрғын алабында орналасқан жалпы білім беру мектебі мен мәдениет үйін күрделі жөңдеуден өтуін сұраса, ал Жұлдыз тұрғын алабында су, жол , спорт алаңшалары туралы мәселелер көтерілді. Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаттары тұрғындардың өтініш-тілектерін бақылауға алатындықтарын жеткізді.
Кездесу соңында тұрғын алабтарының ақсақалдары ақ баталарын беріп, партия жұмысына сәттілік тіледі!

ШЫМКЕНТТЕГІ КІТАП КӨРМЕСІНЕН НЕНДЕЙ ОЙ ТҮЙДІК?

Алдыңғы

«Ордабасы оттарындағы» отты жылдар

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *