АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ТҮРКИЯҒА ІС-САПАРМЕН БАРДЫ

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы сондай-ақ «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының өкілдері Түркия еліне іс-сапармен барды.  Бауырлас мемлекеттегі алғашқы кездесу « Анталия Туризм Академиясы» оқу ордасының ректоры Зафер Биккеноглу және проректоры Будждак Клавдиямен болды. Анталиядағы Туризм академиясы — халықаралық деңгейде , Америкалық бағдарлама бойынша білім беретін бірегей оқу орны болып саналады.
Жоғарғы білім (бакалавриат) еуропалық қоғамдық байланыстар, бизнес және гуманитарлық ғылымдар институтының бағдарламалары негізінде жүргізіледі. Оқу ағылшын, түрік және неміс тілдерін тереңдетіп оқытатын орыс немес ағылшын бөлімдерінде оқытылады. Сонымен қатар, Шымкент қаласының ЖОО туризм бакалавр студенттеріне халықаралық деңгейдегі екі дипломдық алуға мүмкіндік берілуде. Студенттерге Анталия қаласындағы орналастыру орындарында 5 айлық өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, халықаралық деңгейдегі сертификат алуға мүмкіндік қарастырылуда. Бағдарлама ішіне тегін тамақ, жұмыспен қамтылып табыс табу мен қатар халықаралық дәрежедегі сертификатқа қол жеткізіледі.

«ШЫМКЕНТ – 2200: ТУРИСТІК КРЕАТИВТІ ҚАЛА БЕЙНЕСІ» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Алдыңғы

ТУРИЗМ САЛАСЫН ТҮРЛЕНДІРУГЕ ЕКІ ЖАҚТЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *