Мемлекет басшысы абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта «Халық қатысатын бюджеттің» үлесін 10 есе арттыруды тапсырды. Шымкент қаласында бұл жоба биылдан бастап жүзеге асып, тиімділігін көрсетті. Бюджет жоспары бастапқы 287 млн теңгеден 1,5 млрд теңгеге жуық артып, бес есе өсті. Тұрғындардың қатысуымен абаттандыру бойынша 66 жоба іріктеліп, іске асырылуда. Келесі жылы жобаға қаралатын қаржы 10 есеге артып, 3 млрд. теңгеге жетеді. Аудан әкімдіктері осы айдан бастап тұрғындардан ұсыныстар жинақтап, іріктейді. Тұрғындар аудан әкімі аппараты құзыретіне кіретін салалалар бойынша талап-ұсыныстарын жіберуіне мүмкіндігі бар. Мәселен, аумақты көгалдандыру, аяқжолдарды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, т.б., мәселелер бойынша ұсына алады. Жобаға ауданда тіркелген кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін open-shymkent.kz арнайы интернет-ресурсына тіркелуіңіз қажет. Жобаның талаптарына сәйкес, екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі тарапынан құрылған Сараптамалық кеңеске ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы жүзеге асырылатын болады. Ашықтық пен жариялыққа негізделген «Халық қатысатын бюджет» — билікті бұқараға барынша жақындатудың тиімді құралы. Жобаны қаланың коммуналдық шаруашылығында да кеңінен енгізілетін болады.
Comments