АймақЖаңалықтарСпорт

ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ — ЖАСТАРҒА ЗОР МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Шымкент қаласындағы  жол-көлік колледжінің оқытушылары мен студент жастарының арасында ҚР  Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты  Жолдауын насихаттау масатында келелі жиын өткізілді.  Аталған білім ордасының  директоры Гүлзат Үкібайқызы Искакова жиналысты  ашып,  Мемлекет басшының Жолдауындағы басымдықтарға тоқталып, жиынды жүргізіп отырды.  Президент Жолдауына байланысты колледж оқытушысы Ж.М.Рыстанбекова «Жаңартылған білім — болашақтың негізі» тақырыбында баяндама жасап, бүгінгі жастардың жаппай білім алуына жан-жақты жағдай қарастылыған білім ордасының ұстаздары мен студент жастары жолдауды қолдайтындарын жеткізді. Колддедің өзін-өзі басқару ұйымының белсенді студент жастары ел Президентінің халыққа арнаған жолдауы сындарлы шақта тығырықтан шығатын маңызды құжа екендігін атап өтті.    Мәжіліс соңында колледж оқытушылары мен студенттері жарыссөзге шығып, Президент жолдауында айтылған игі мәселелердің ел дамуына ерекше серпін беретіндігін, өздерінің бұл жолдауды қолдайтындықтарын шын ықыластарымен айтты.

ЖАСТАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Алдыңғы

ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *