ЖаңалықтарҚоғам

Бірлікті ту ету маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдауын жариялады. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында Президент әлемнің барлық елдерін әбігерге салған пандемия кезінде қазақстандықтардың салқын сабыр сақтап, бірлікті ту етуі аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент ынтымағы ыдырап, соғыс өрті тұтанып тұрған елдердің іргесінле орналасқан елімізде татулығымызға сына түспеу қажеттігін айтты.

Бұл жолғы Жолдауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы басымдықты ішкі саяси тұрақтылыққа негіздей отырып, өңірлік саясатты жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар әдеттегідей әлеуметтік мәселелерге қатысты мәселені айналып өтпеді. Өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықтарды атап өтіп, кейбір салаларға реформалар жүргізу уақыты келгенін ескертті. Соның бірі тұрғын үй секторы екенін алға тартқан мемлекет басшысы нарықтағы ипотека бағасы халықтың қалтасына ауыр тиетінін, ол қолжетімді болуы керектігін, сол үшін де Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетінін мәлімдеді.

Ел экономикасының өзегі саналатын шағын және орта бизнес саласында жүрген азаматтардың әлеуетін көтеру туралы бастама көтерді. Өз кезегінде бұл осы салада жүрген 1 миллионнан аса отандасымыз үшін көзайым жаңалық болғаны анық.

Жолдауда көрсетілген мақсат айқын. Алға қойған жоспарды жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс істеу қажет.

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев

 

ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ — ТАПСЫРМАЛАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАУ

Алдыңғы

Жолдауда басты бағыттар нақтыланды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *