Жаңалықтар

Білім мен ғылым ісіне үлкен серпіліс әкелері сөзсіз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік-экономикалық және саяси күн тәртібінің өзекті мәселелеріне нақты да тұшымды жауап берді. Біз осыған орай Елбасы негізін қалаған, биыл құрылғанына 25 жыл толып отырған  жетекші оқу орны –  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  ғалымдарын әңгімеге тартқан едік.

Ерік НҰРМОЛДИН, ЕҰУ физика-техникалық факультетінің деканы:

-Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің ұжымы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына аранаған Жолдауын ықыласпен тыңдады. Президентіміз қоғамдық-саяси саладағы аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттік тіл мәселесі, жергілікті басқару, т.б. салалардағы өзекті сұрақтардың шешу жолдарын айқындап берді. Жолдауда азаматтарымыздың тұрмыс-ахуалын арттыруға, әр сала еңбеккерлерінің жалақысын заман талабына сай көтеруге бағытталған әлеуметтік шаралар легі де тастүйін белгіленген.

Еліміздің жоғары білім саласы мамандары ретінде әріптестеріміз Мемлекет басшысының білім және ғылым саласын қолдауға қатысты берген тапсырмаларын қуана қабылдады.  Қасым-Жомарт Кемелұлы: «2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болады. Әлемдік тәжірибе ең оңтайлы жолды ұсынады. Бұл – бейбіт атом», — дей келе, Үкіметке атом инженерлерін дайындауды, сутегі энергиясын пайдалану саласында ізденуді тапсырды. Бұл еліміздің осы саладағы жоғары білім мен ғылым ісіне үлкен серпіліс әкелері сөзсіз. Президент баса назар аударған бұл энергия салаларында ЕҰУ-дың физика-техника факультеті ғалымдарының айтарлықтай жетістіктері бар, олар бұл бағыттағы ғылыми ізденістерін жалғастырып, ел энергетика саласына өзіндік үлестерін қосуға әзір.

Мемлекет басшысының елімізде білікті атом инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру туралы ұсынысы да Қазақстан жоғары білімі саласына елеулі серпіліс беріп, нәтижесінде атом энергетикасы саласына лайықты мамандар легі даярланады деген сенімдеміз.

 

 

БҰЛЖЫМАС БАҒЫТ – БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР

Алдыңғы

Ғылым — еліміздің еңсесін биіктетеді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *