Жаңалықтар

КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУ КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ НҰСҚАДЫ

Президентттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауы әсіресе, әлемдік пандемия қаупі және соғыс өрті тұтанып тұрған елдердің іргесінде тұрған Қазақстан мемлекеті үшін халықтың бірлігі мен тұтастығы ауадай қажетіне баса назар аударды. Расында, біз осыған дейін үлгі тұтқан бірлігіміз бен берекемізді бұзып алмауымыз керек. Сол себепті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы басымдықты ішкі саяси тұрақтылыққа негіздей отырып, өңірлік саясатты жетілдіруді ұқтырды.
Бұл жолғы Жолдауда, әдеттегідей, әлеуметтік сала назардан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықты атап өтті. Ең маңызды деген салаларға реформалар жүргізу уақыты әлдеқашан туғанын жеткізді. Президент атап өткендей, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес саласын жаңарту қажет. Бұл салада 1 миллионнан аса отандасымыз еңбек етіп жатыр. Соңғы он жылда олардың еңбекақысының өсуі кенжелеп қалды. Сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасымен, дәрігерлер мен педагогтердың жалақысы жоғарылағаны секілді, жекелеген қызметкерлердің айлығы 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көтеріле бермек.
Президент айтқан реформалау жүйесі тұрғын үй секторына да қатысты. Нарықтағы ипотека бағасы халық үшін әлі де жоғары әрі қолжетімді емес екені ескеріліп, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болды.
Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына келетін азаматтардың көбісінің мәселесі тұрғын үй, жұмыссыздық, адам құқықтарын қорғау жөнінде болатындықтан, Мемлекет басшысының Жолдауда көрсеткен бағыттарын назарға алып, алға басатын боламыз.
Мақсат – бар, бағдар – айқын, енді тек жүйелі түрде жұмыс істей білсек, біз алмайтын асу жоқ.
Жанар БЕКТАЕВА,
Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Ел дамуына жаңа бағдар берді

Алдыңғы

Жолдауда бесінші мәселе білім беру саласына арналды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *