Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Medical Nomad Association Орталық Азиядағы денсаулық пен мәдениетті дамыту жөніндегі Швейцария қауымдастығының өкілдері арасында келісім жасалды. Келісім аясында қаладағы мемлекеттік медициналық ұйымдардағы дәрігерлер Еуропа елдерінде білімін жетілдіреді және медициналық туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, қалада әр түрлі мамандық бойынша 4169 дәрігер бар, олардың бірқатары бүгінге дейін шет мемлекетте біліктілігін арттырған екен. Жоғарыда жасалған келісім негізінде биылғы жылы 21 дәрігер шет елге оқуға жіберілетін болады дейді. Дәрігерлер нейрохиругия, жалпы хиургия, офтальмалогия, отолорингология саласы бойынша біліктілігін арттырады. Еуропа елдеріне баратын мамандарға қойылатын талап ағылшын тілінде еркін сөйлеуі қажет дейді басқарма мамандары. Сондай-ақ аталған компания өз қаражатынан туризмді дамыту үшін дәрігерлерді Швейцарияда оқытуды жоспарлап отыр. Қаламызда медициналық туризмді дамыту бойынша алдағы уақытта ауқымды жұмыстар өз жалғасын таба бермек.
ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫМЫЗДЫ НАСИХАТТАУДА ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
ШЫМКЕНТ ЦИРКТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
24 рет оқылды
Comments