АймақЖаңалықтарМәдениетСаясатТехнология

ШАЛҒАЙ АУДАНДАР АБАТТАНДЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшы Қассым-Жомарт Тоқаевтың  еліміздегі инфрақұрылым мәселелерін жаңғырту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес үшінші мегаполисте оңді істер атқарылып келеді.  Қаламыздың шалғай елді мекендерінде балаларға арналған спорт алаңшалары да бой түзеп, ел игілігіне берілген.  Қала әкімінің шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағындағы «Өтеміс» тұрғын алабындағы абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Нақтырақ айтсақ, «Өтеміс» тұрғын алабындағы Жастар көшесін абаттандыру мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Назар» ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ, бүгінге күнге дейін 94 аула абаттандырылса, ағымдағы жылы жобамен 15-ке жуық ауланы абаттандыру жұмыстары қолға алынатын болады.
Тұрғын алабындағы қолға алынған жұмыстарға аудан әкімі аппараты тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудандық инфрақұрылым және көріктендіру бөлімі тарапынан абаттандыру жұмыстарына жауапты мекемеге құрылыс жұмыстарының талапқа сай әрі сапалы жүргізілуі қажеттігі ескертілді.
Тұрғындардың игілігі үшін істелініп жатқан абаттантандыру жұмыстарына күтіммен қарап, жанашырлық танытуға шақырамыз.

ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ БАР ЕЛДІ МЕКЕНДЕР САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *