Халықтың сүйікті әншісі Ерке Есмахан мен 91 тобының экс-солисі Азамат Зенкаев ковидке қарсы вакцина салдырды.
Жұлдызды жұп екпе салдыру үшін Шымкент қаласындағы №3 емханаға келген. Алдымен ерлі-зайыптылар емханада дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қарсы көрсетілімдері жоқ болған соң
Sinopharm компаниясының “Vero Cell”вакцинасын салдырған.
“Шым қалада, осы емханада үш ұйықтасамда түсіме кірмепті вакцина салдырамын деп. Бірақ бұйырғаны болады”-дейді вакцина салдырған Ерке Есмахан.
«Сақтықта қорлық жоқ» дегенді ұстанатын Ерке Есмахан медициналық масканы тастамайтынын да айтып өтті. Сондай-ақ қауіпті инфекциядан қорғану үшін қазақстандықтарды екпе салдыртуға шақырды.
Comments