Шымкент қаламызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында бұқаралық спортты дамытып, спортщы жастарымызға қолдау көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауда ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Үшінші мегаполистің атын шығаратын саңлақ спортшы жастарымыз жетерлік. Соларлың бірі 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазақстан Ұлттық Паралимпиада құрама командасы дүбірлі додаға аттанып кетті. Отандық спорт тарихында алғаш рет аталған дүбірлі додаға 26 спортшы қатысады. Атап айтқанда, паралимпиадашылар жүзуден 7, дзюдодан 7, пауэрлифтингтен 5, таеквондодан 3, жеңіл атлетикадан 2, каноэден 1 және нысана көздеуден 1 лицензия иеленді. Байрақты бәсекеде Шымкент қаласының спортшысы Роман Агалаков та бақ сынайды. Жерлесіміз пара жүзуден 25, 26 тамыз күндері жүлдеге таласып көрмек. Барша спорт жанкүйерлерін отандастарымызға қолдау көрсетуге шақырамыз. Шырайлы қаламыздың спортшысы Роман Агалаковқа байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынанн көрінуіне тілектеспіз.
Comments