АймақБасты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарСаясат

Денсаулық – Алланың аманаты

Пенденің жаратылудағы мақсаттарының бірі – Аллаға ғибадат ету, әмірлеріне қарсы келмей, Пайғамбарымыздың өсиеттерін тыңдап, тәрбиелі пенде болу. Бұл мақсаттың жүзеге асуы үшін ең алдымен денінің саулығы қажет. Сондай-ақ, Алланың пендесіне берген ең үлкен нығметтерінің бірі – саулық, өмірдің мәні, бейбітшіліктің қайнар көзі және болашаққа деген үміттің кілті.
Осы себепті, дініміз адам денсаулығына үлкен мән беріп, денсаулықты қорғауды талап еткен. Бұл туралы Құран Кәрімде Алла Тағала «… өзіңді өзің қатерге тігіп тәуекел етпе. Жақсылық жасаңдар. Расында, Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» деп бұйырады. Алланың сүйікті пендесі Пайғамбарымыз (c.ғ.с) «Деннің саулығы ең үлкен нығметтерден» деген. Осыған орай көптеген хадистер бар.
Барша мұсылман үмметіне Пайғамбарымыз (c.ғ.с) «Ауру келместен алдын, саулықтың қадірін біліңдер» деп, денсаулықтың маңызды екенін ескерткен. Себебі, аурудың алдында денсаулықтың қадірін білу бізді мүмкін болатын ауруларды сақтықпен қабылдауға мәжбүр етеді. Сондықтан, денсаулықты сақтау Исламның қорғауға мән беретін бес мақсатының бірі болып саналады. Бұл дегеніміз, аурулардан сақтану және салауатты өмір сүруге тырысу діни міндетіміз екенін білдіреді. Беріліп әрі парыздарын толық орындау арқылы ғибадат ете білу денсаулыққа байланысты. Осы себепті басқа бір хадисте «Мықты мүмін, әлсіз мүміннен жақсы» дей отырып, пенденің денсаулығы мен руһ саулығының күшті болуын бұйырған. Сонымен қатар, деннің саулығы үшін ең алдымен тазалық, одан кейін уақытылы және аз тамақтану керек. Денсаулығымызды қорғау діни пенделік міндетіміз болғанындай, ауырған жағдайда емделу және ем қабылдау да біздің міндетіміз.
Барлық қажетті болған сақтық шараларын алғаннан кейін ауырып қалса, өз деңгейінде ем қабылдап шыдамдылық танытып, Құдайға дұға ету керек. Сонымен қатар, бұл ауруды сынақ деп біліп, бұрын соңды біліп-білмей жасаған күнәларымның қайтарымы деп білуі керек. Осыған байланысты, сүйікті Пайғамбарымыз (c.ғ.с) «Мұсылман қандай да бір ауруға шалдықса, ағаштың күзде төгілген жапырақтары сияқты, Алла оның қателіктері мен күнәларын төгіп тастайды» деп, сабырлылық пен шыдамдылыққа шақырған. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) «Пендеге берілген екі теңдессіз нығмет бар, адамдар оның қадірін барында білмейді. Олар – саулық және бос уақыт» деп, барша мұсылмандарды ескерткен.
Ұлтымыздың ұлағатты тілектерінің және өсиеттерінің бірі «Дені саудың – жаны сау», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, Алла тағаланың берген денсаулығын қорғау, сақтау және саулық шараларының барлығын қолдану арқылы, Алланың әмірін орындап, ұлтымыздың болашағының бекем болуына ат салысайық.
А.Өмірзақ,
“Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ, “ Оңалту жұмыстары және
психологиялық қолдау” бөлімінің теолог маманы.

Екпе жайлы дұрыс түсінейік!

Алдыңғы

Вакцинация – путь избавления от эпидемии

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *